Письмо от родителей Президенту

Письмо от родителей Президенту

lavilas»

Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Ә.Назарбаевқа

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Алматы облысы Қарасай ауданында үлкен қаладағыдай интернет желісі, стадиондар, спорткомплекстер, түрлі клубтар болмаса да, оқушылардың арасында шығармашылық қабілеттері жан-жақты дамыған, зерттеу жұмыстарымен айналысатын дарынды оқушылармен жұмыс дұрыс жүйеге қойылған. Соңғы 2 жылдан бері дарынды балалармен жұмыс жандандырылып, оқушылар түрлі Халықаралық олимпиада, турнир, сайыстармен интернет желісі арқылы байланысып сырттай тапсырмаларды орындап, шақыру хаттарын алып, Алматы облысының білім басқармасының және Қарасай ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бұйрықтарына сәйкес аталған сайыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүр. Кейбір оқушылар осы іс-шараларға 2 реттен барып қайтқан. Барлығы оқу озаттары. Біз, осы оқушылардың ата-аналары, өз тарапымыздан шығын шығарып осындай қажетті іс - шараға қатысуына жағдай жасап, мүмкіндік бердік. Өйткені Өзіңіз айтқандай бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастырудың бір қадамы осындай Халықаралық деңгейдегі сайысқа баланы қатыстыру деп білеміз. Өйткені Халықаралық сайысқа қатысып келген балалардың өзіне сенімі, оқуға ынтасы, еліне деген патриоттық сезімінің күшейіп, өмірге көзқарасының өзгергенін байқаймыз. Себебі олар шет елдерде Қазақстан Республикасының байрағын көтеріп, намысын білімімен қорғайды.
Көтергелі отырған мәселеміз, ҚР заңының (2011 жылдың 15 шілдесіндегі № 461-IV) 47 тарауы, 4 бабы, 6-2 тармағына сәйкес ҰБТ –ден босату комиссиясына жоғарыда аталған сайыстарға қатысқан оқушылардың құжаттарын жинақтап білім бөліміне өткіздік.
Республикалық ғылыми- әдістемелік «Дарын» орталығының комиссиясы 2012 жылдың 31 наурызындағы «Егеменді Қазақстан» газетінде жарияланған ҚР БҒМ-нің 2011 жылғы 7 желтоқсанындағы №514 бұйрығына сүйеніп, өтінішімізді қарамай отыр. Бірақ аталған бұйрық ҚР Білім туралы заңына қайшы келіп тұр, өйткені заңда Халықаралық олимпиадаға қатысушылар мен жеңімпаздары босатылады делінген және олимпиада өтетін мемлекеттер тізімі көрсетілмеген. Бұл бұйрық жарияланған кезде оқушылар іс-сапар құжаттарын (виза, авиа билеттер, медициналық сақтандыру полистері және т.б.) толығымен дайындап үлгерген болатынбыз.
Біз, ата-аналар, РҒӘ «Дарын» орталығы өз іс-әрекетімен біздің балаларымыздың құқығын бұзды деп есептейміз. Өйткені Олимпиада жеңімпаздарының біразы ҰБТ-ден босатылып, қалғаны босатылған жоқ. Осы іс-әрекет балаларымыздың намысына тиіп, психикалық санасының жүдеуіне және сенімін жоғалтуына соқтыруы мүмкін. Осы мәселені көтеріп Қарасай ауданының Халықаралық сайыстарға қатысқан оқушыларының ата-аналары, балаларымызға қолдау көрсетіп, ҰБТ-ден босатуға көмек көрсетуіңізді сұраймыз.
Жауапты мына мекен-жайға жіберуіңізді өтінеміз:
Алматы облысы, Қаскелен қаласы, Қарасу көшесі №18 үй. Аблаева Рабиға
Ұялы телефон 87752922807.

Халықаралық сайыстарға қатысқан оқушылардың ата-аналар
Вложения
Письмо от родителей Президенту_.jpg
Письмо от родителей Президенту, (2.05 MiB) Просмотров: 7
lavilas
Случайный прохожий
 
Сообщения: 1
С нами с:
Пол: парень

Вернуться в Государство, наука и общество

Кто сейчас на конференции

Сейчас этот форум просматривают: Alexa [Bot] и гости: 0